Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы бос лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қарағанды облысы бойынша филиалының (бұдан әрі - Филиал) құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.


Біліктілік талаптары:

Құқықтық, кадрлық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу секторының ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына информатика, байланыс, техникалық, ақпараттық жүйелерді басқару мамандықтар бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), техникалық және кәсіптік білімі, мамандығы бойынша 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.


Қызметтік міндеттері:

  1. Филиалдың аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

  2. Филиал мен бөлімшелердің тұрақты электрондық байланысын және Интернет желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  3. Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің ішкі электрондық жергілікті желілеріне қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  4. Филиал мен бөлімшелердің компьютерлендірілуіне, компьютерлік техникамен, ұйымдастыру техникасымен және электрондық байланыс құралдарымен жабдықталуына талдау жүргізу;

  5. Филиалдың құрылымдық бөлімшелері мен бөлімшелерінде компьютерлерді пайдалану қағидаларының сақталуын және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

  6. Компьютерлік және көшіру техникасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі өтінімдердің уақтылы орындалуын бақылау;

  7. Өз құзыреті шегінде Филиалдың құрылымдық бөлімшелері мен бөлімшелеріне компьютерлік техниканы пайдалану бойынша техникалық және практикалық көмек көрсету;

  8. Филиал басшылығы тарапынан орындау үшін берілетін құжаттары мен тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету және олардың орындалуы туралы ақпарат беру;

  9. Қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша құжаттарды архивтік сақтауға тапсыру немесе жою үшін жыл сайынғы қалыптастыруға қатысу;

  10. Желіні теріс пайдалану жағдайлары және қабылданған шаралар туралы өзінің тікелей басшысына хабарлау;

  11. өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындау;

  12. Филиалдың құрылымдық бөлімшелерін қажетті компьютерлік, көшіру-көбейту және басқа да электрондық ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру кезінде Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің компьютерлік, көшіру-көбейту және басқа да электрондық техникаға деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу және оларды жинақтап қорытындылау жұмыстарын жүргізу.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.


Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.


Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Ә.Әлиханов көшесі, 2 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.


Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жыл 11 қараша, сағат 18.00-ге дейін.


Анықтама телефоны: 8(212) 505716, 87770060558