Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ КСЭК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай аудандық бөлімшесінің зертхана меңгерушісі бос лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Қарасай аудандық бөлімшесінің зертхана меңгерушісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Қарасай аудандық бөлімшесінің зертхана меңгерушісі бос лауазымына орналастыру конкурсына:

«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі және «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік;

не «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім; «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы қызметінде тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты;

бейіні бойынша тиісті зертханада кемінде 3 жыл. бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Аудандық бөлімшесінің зертхана меңгерушісі: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін; «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін; «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; Кәсіпорынның қызметіне және Қызметтің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; Кәсіпорынның қызметіне қатысты мәселелер бойынша әдістемелік және өзге де басшылық материалдарын, сондай-ақ Филиалдың ішкі құжаттарын; Кәсіпорынның Жарғысын; Кәсіпорын Басқарма Төрағасының қызметіне қатысты бұйрықтары мен өкімдерін, Басқарма шешімдерін; құжаттау және құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы қағидаларын; ішкі қызметті реттейтін құжаттаманы; ұйымдастыру техникасымен, коммуникация және байланыс құралдарымен жұмыс істеу ережесін; қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін; бөлім туралы ережені білу керек.

Лауазымдық міндеттері:

  1. Ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылықты жүзеге асырады, халыққа уақтылы және сапалы көмек көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады.

  2. Медициналық этика талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

  3. Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

  4. Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды.

  5. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, олардың өмірі мен еңбегі үшін қауіпсіз және салауатты жағдайлар жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

  6. Жаңа диагностикалық көмекті енгізуді және қолданыстағыларды жетілдіруді, көрсетілген қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз едеті.

  7. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

  8. Сантитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

  9. Гигиеналық және эпидемиға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитарлық қағидалар мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертхана-аспаптық бақылауды ұйымдастырады.

  10. Дәрігер кадрларының біліктілігін арттыру, олардың кәсіби білімін дамыту жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді.

  11. Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің қызметіне талдау жасайды және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдайды.

  12. Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, медициналық этиканың, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

  13. Есеп беруді ұсынуды қамтамасыз етеді.

  14. Зертханадағы жұмысты ұйымдастырады және бақылайды, сондай-ақ патогендік микроорганизмдердің бөлінуі бойынша сынамаларға зертханалық зерттеулер жүргізеді;

  15. Зертханадағы жұмысты ұйымдастырады және бақылайды, сондай-ақ патогендік микроорганизмдердің бөлінуі бойынша сынамаларға зертханалық зерттеулер жүргізеді;

  16. Зертхана қызметкерлерінің назарына зертхана жұмысын регламенттейтін барлық нормативтік және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды жеткізеді;

  17. Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін бағалайды, түсіндіреді, қорытынды жасайды;

  18. Зертханаішілік сапаны бақылаудың жүргізілуін бақылайды және зертхананың сапаны сырттай бағалау бағдарламаларына қатысуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.


Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу жүргізу;

3) конкурс қорытындысын шығару.


Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.



Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 08.30-дан бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Абай көшесі, 35/5 ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 22 қазан сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8 727 722 05 71