«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы, 2018 жылдың 25 маусымында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ашық есік күндерін» өткізеді.
«Ашық есік күндері» шеңберінде Филиал тарапынан көрсетілетін қызмет түлері, сондай-ақ тауарларды, қызметтерді сараптау және жұқпалы, паразиттік ауруларды зертханалық диагностикалау жөнінде түсінік берілді.
Жеке тұлғаларға: клинико-диагностикалық зерттеулер, медициналық қарау, гигиеналық оқыту, желдету жүйелері мен ауа бөлгіш құбырларын тазалау бойынша.
Корпоративтік клиенттерге: өндірістік бақылау, жұмыс аймағын аттестаттау, дезинфекциялау, дезинсекциялау (бұқырлау) және дератизациялау, гигиеналық оқыту, желдету жүйелері мен ауа бөлгіш құбырларын тазалау бойынша.
Іс-шараның өтетін уақыты мен орны:
09.30сағ.–18.00сағ. Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 үй, Медицина үйі ғимаратында.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз: 50-75-80, 50-75-93, 50-52-41