Алматы саябақтары мен гүлзарларында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды
В парках и скверах Алматы началась противоклещевая обработка 06.04.2017

Кене энцефалитін тасымалдаушылардың санын шектеу және халық арасында кене энцефалиті ауруының алдын алу мақсатында Алматы қаласы аумағында жыл сайын республикалық бюджет қаражаты есебінен кенеге қарсы өңдеу жүргізіледі. Иксодты кенелермен күресте барынша нәтижеге жету үшін өңдеу екі турда жүргізіледі. Ағымдағы жылы өңдеу сәуір айының басынан бастап орман, қалалық саябақтар мен скверлердің аумақтарында жалпы ауданы 2354,17 гектар ауа райы (құрғақ, теңеспейтін ауа райы) есебімен басталады. Аймақ бойынша өңдеу жүргізу кестесі Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің сайтында қосымша орналастырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Дезинсекциялық іс-шараларды "Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы" ШЖҚ РМК филиалының кәсіби даярланған мамандары қаланың тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметі мамандарының тікелей бақылауымен жүзеге асырады. Құрылған бригадалар қажетті жабдықтармен, көлікпен және тиімді дезинсекциялық препараттармен жабдықталған.

"Көктем келуімен және кенелер мен басқа да жәндіктердің жандануы, меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың барлық басшыларына және қала тұрғындарына, әсіресе жеке секторда тұратын тұрғындарға, аумақты қураған шөптен, қоқыстардан және басқа да тұрмыстық қалдықтардан механикалық тазартуды, дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді ұсынамыз. Кәсіпорындардың, жеке үйлер мен саяжай учаскелерінің аумақтарына кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын осы қызмет түріне ақылы негізде рұқсаты бар дезинсекциялық фирмалар жүргізеді", - деп нақтылады ведомстводан.

Кенеге қарсы өңдеудің барлық мәселелері бойынша кеңес беруді "Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы" филиалының (телефон 2336466, 3833740) және Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің (телефон 3823,652, 3823555) мамандары жүргізеді.

https://www.kt.kz/rus/society/v_parkah_i_skverah_almati_nachalasj_protivokleshtevaja_obrabotka_11536...