Зертханалық кеңестің отырысы
Заседание лабораторного совета 04.05.2016

Ағымдағы жылдың сәуір айында «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы базасында аудандық және қалалық бөлімшелерінің 54 маманының қатысуымен Облыстық зертханалық кеңес отырысы өтті.

Зертханалық кеңестің негізгі бөлігінде, ҰЭМ-нің Ұлттық сараптама орталығы мен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру барысындағы орталықтардың қызметіне қатысты көкейтесті мәселелері қаралды.

Бағдарламаға сәйкес, орталықтардың қызметіне қатысты ұйымдастырушылық мәселелері және де тиімді зертханалық зерттеулер жүргізу, биологиялық қауіпсіздік негіздері мен зертханалардағы биоқорғау, лаңкестік іс-әрекеттерге төтеп беру үшін алдын алуды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері қаралды.

Медициналық қызмет көрсету барысында жемқорлық қауіп-қатерлердің алдын алу мәселесі де жеке талқыланды.

Зертханалық кеңес отырысының жұмысы бактериологиялық және санитариялық-гигиеналық секцияларының отырысы ретінде жалғастырылды, аудандық деңгейдегі мамандарға іс-тәжірибелі, кеңестік көмек көрсетілді.