Ұлттық сараптама орталығында Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын өтті
В Национальном центре экспертизы прошло торжественное собрание, посвященное ко Дню Республики Казахстан 24.10.2024

25 қазан – еліміздің тарихындағы ең маңызды күндердің бірі. Өйткені дәл осы күні, 1990 жылы, Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Онда алғаш рет мемлекеттіліктің тұтастығы, бөлінбейтіндігі және аумақтық қол сұғылмаушылығы, халықтардың мәдениеті мен тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты қағидалар бекітілді.

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Басқарма Төрағасы Ерлан Қиясов Ұлттық сараптама орталығының ұжымын құттықтады. ҰСО қызметкерлерін құттықтай отырып, Ерлан Қиясов біз өзімізге және елімізге сенеміз, жаңа белестерге жету және Қазақстан Республикасын одан әрі күшейтіп, гүлдендіру үшін бірге жұмысымызды жалғастырамыз деп атап өтті.

Іс-шара техникалық регламенттерге мониторинг жүргізу маманы Қ.Б. Бекеноваға «Еңбек ардагері» медалін табыстаумен жалғасты. Сондай-ақ, бірқатар ведомстволық марапаттар мен құрмет грамоталары ҰСО филиалдарының қызметкерлерін марапаттау үшін өңірлерге жіберілді. Бұдан басқа, ҰСО-ның бірқатар қызметкерлері «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен» және Ұлттық сараптама орталығының Басқарма Төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Республика күні құтты болсын, құрметті әріптестер!

Сурет галереясы