Ұлттық сараптама орталығының Басқарма Төрағасы Ерлан Қиясов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Сапардың негізгі мақсаты-өңірлік зертханалардың жұмысымен танысу.
Сапар барысында Ерлан Қиясов Катонқарағай, Күршім, Зайсан, Алтай аудандық және Риддер қалаларының зертханаларына барды.
Ұжымдармен кездесу барысында материалдық – техникалық жарақтандыру, зертханалар жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлары айтылды.
ҰСО Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында 7 аудандық және қалалық бөлімшелер жұмыс істейді. Жыл сайын шамамен 500 000 зерттеу жүргізіледі. Филиалда 214 қызметкер жұмыс істейді.