#Birge#TazaQazaqstan акциясы аясында Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлері 83 тонна қоқыс жинады
В рамках акции #Birge#TazaQazaqstan сотрудники Национального центра экспертизы собрали 83 тонны мусора 17.09.2019

ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» #Birge#TazaQazaqstan акциясын қолдап, еліміздің барлық аймақтарында эко-сенбілік өткізді.

Акцияға 7 000-ға жуық қызметкер қатысты, олардың күшімен қалалар мен ауылдық елді мекендердің жағалаулық аумақтарында 83 тонна қоқыс жиналды.

Бірінші болып челленджді орталық аппарат пен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиал қызметкерлері қолдады. Барлық қажетті құралдармен қаруланған қызметкерлер  Есіл өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты.

Эко-эстафетаны орталық аппарат аймақтық филиалдарға тапсырды. 14 қыркүйек күні Түркістан облысында ауқымды эко-челлендж аяқталды.

ҰСО бас директоры Қанат Балықбаевтың айтуынша, мұндай акциялар бізді қоршаған ортаға, табиғи байлықтарға жауапкершілікпен  ұқыптылыққа бейімдеп, экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге ықпал етеді.

«Ортақ пайда үшін бірлесіп істеген еңбек қана адамдарды біріктіреді»,-деді Қанат Балықбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-де #Birge #Tazaqstan акциясын іске қосу туралы жариялады. Министр барлық еріктілерді, қоғам қайраткерлерін, үкімет мүшелерін, экологиялық белсенділерді және барлық нәзік азаматтарды игі іске қатысуға шақырды. Бұл акцияны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдады.

Сурет галереясы