Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

Ұлттық сараптама орталығының стратегиясы

Ұлттық сараптама орталығы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету саласындағы өз қызметін зертханалық зерттеулер және адамның мекендеу ортасы факторларының аспаптық өлшеулерін, дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу, білім беру бағдарламалары бойынша оқыту арқылы жүзеге асырады.

ҰСО орталық аппаратынан және 21 филиалдан құралады, оның ішінде:

1) 19 облыстық, оның ішінде Алматы және Астана қалалары бойынша филиалдар;

2) 2 дезинфекция орталығы: Түркістан облысы және Алматы қаласы бойынша.

Өз кезегінде, филиалдарда:

  • 21 қалалық бөлімше;
  • 155 аудандық бөлімше бар.

ҰСО негізгі міндеттеріне тиімді қол жеткізу үшін зертханалар мен өлімшелердің келесі құрамы бар:

1) санитариялық-гигиеналық зертханалар;

2) радиологиялық зертханалар;

3) бактериология және паразитология бөлімшелері бар бактериологиялық зертханалар;

4) вирусологиялық зертханалар;

5) аса қауіпті инфекциялар зертханалары;

6) молекулалық-генетикалық зерттеулер зертханасы (Астана қаласы бойынша филиалда);

7) дезинфекциялық бөлімдер.

ҰСО миссиясы:

Зертханалық қызметтің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге қатысуы.

Көзқарас:

Ғылымның заманауи жетістіктеріне және тәуекелге бағдарланған тәсілге негізделген зертханалық зерттеулердің сапалы, сенімді нәтижелерін ұсынатын зертханалар желісі.

Әлеуметтік жауапкершілік

Орталық халық үшін еңбек өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады.

Кәсібилік

Орталық қажетті еңбек жағдайларын қамтамасыз ете отырып, өз қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға ұмтылады.